Аттестация

Қазақстан Республикасы Білім

және ғылым министрлігінің

Білім және ғылым саласында сапаны

қамтамасыз ету комитеті төрағасының

2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 700

бұйрығына қосымшасы бойынша

жасалынды

 

«БАЛ-БӨБЕК АСТАНА» БАЛАБАҚШАСЫ ЖШС

Білім беру қызметін өзін-өзі бағалауын ұйымдастыруы және өткізуі 

Нұр-Сұлтан қаласы2022 жыл

Кәсіпорынның атауы: «Бал-Бөбек Астана» балабақшасы Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Кәсіпорынның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, «Сарыарқа» ауданы, Абай көшесі, 95/1. НП5.

Жобалық куаты: 40 бала

Балабақшада 2 топ орыс тілінде оқытылады.

Заңды тұлғаның байланыс деректері: +7 7172 37 02 23, 

Факс: +7 7172 54 37 73.

е-mail: bal-bobek@mail.ru; сайт: http://www.bal-bobek.kz/

Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері: «Бал-Бөбек Астана» балабақшасының директоры: Ушкевич Оксана Анатольевна, білімі жоғары, Евразиялық гуманитарлық Университеті, 2012 жылы бітірген. Жалпы еңбек өтілі 12 жыл, педагогикалық өтілі 12 жыл, осы мекемеде 2 жыл. 

Құқық белгілейтін және құрылтай құжаттары: Заңды тұлғаның мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтама: 04 қыркүйек 2018 жылы берілген.

БСН: 080240005309.

Жарғысы: Қазақстан Республикасы әділет министрлігі, Астана қаласының әділет департаментінің 2008 жылғы 07 ақпан №29985-1901 қаулысымен бекітілген.

Рұқсат беру құжаттары: Қызметті жүзеге асыруды басталғаны  туралы  хабарлама: 2018 жылдың 04 қыркүйек күні  №KZ57RVK00017600 берілген.

Пайдалануға берілген жер актісі: «АстанақалажерҒӨО» ЕМК 2009 жылғы 07 қыркүйек, АН №0238788, жер учаскесінің кадастерлік нөмірі: 21-318-032-767.

 

«Бал-Бөбек Астана» балабақшасы ЖШС-нің білім беру қызметін өзін-өзі бағалауын ұйымдастыруы және өткізуі.

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1.1. Осы «Бал-Бөбек Астана» балабақшасы ЖШС-нің (ары қарай балабақша) өзін-өзі бағалауын ұйымдастыруы және өткізуі «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, «Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 124 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының 2021 жылғы 10 қарашадағы № 133 бұйрығының қосымшасына сәйкес әзірленді.

 

1.2.Балабақшаның білім беру қызметін өзін-өзі бағалауын ұйымдастыруы мен өткізуі бірыңғай тәсілді және ашықтықты қамтамасыз етті.

 

1.3. Білім беру қызметін өзін-өзі бағалауын ұйымдастыруы және өткізуі кезінде зерделеудің негізгі бағыттары мен объектілері болып мыналар табылды:

  1. білім беру ұйымдарының мақсаты, міндеттері мен құндылықтары;

 

  1. білікті қызметкерлердің болуы;
  2. қолжетімді білім беру үшін жағдай жасауы;

 

  1. білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі;
  2. тиімді оқытуға ықпал ететін материалдық-техникалық базасы.

 

1.4. Балабақшаның білім беру қызметін өзін-өзі бағалауын ұйымдастыруы және өткізуі ұсынылатын білім беру қызметтерінің Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының жалпы талаптарына:

 

1) оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, білім беру мазмұнына қойылатын талаптарға;

  1. тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне;

 

  1. тәрбиеленушілердің дайындық деңгейіне;
  2. оқу мерзіміне сәйкестігін талдау жолымен жүзеге асырылды.

 

1.5. МЖМБС жалпы талаптарын талдау кезінде Бағалау өлшемшарттары пайдаланылды.

 

2-тарау. Балабақшаның білім беру қызметін өзін-өзі бағалауын ұйымдастыруы және өткізуі

 

2.1. Балабақшаның білім беру қызметін өзін-өзі бағалауын ұйымдастыруы мен өткізуін балабақшаның 12.11.2021 ж. № 202 н/б негізінде құрылған комиссия жүргізді. (комиссия құру туралы бұйрық көшірмесі 1 қосымшада берілді)

 

2.2. Комиссия төрағасы балабақшаның білім беру қызметін өзін-өзі бағалауын жалпы жоспарлай отырып, оған басшылықты жүзеге асырды.

 

Төраға Бағалау өлшемшарттарына сәйкес балабақшаның өзін-өзі бағалауын жүргізу бойынша нақты тапсырмаларды комиссия мүшелері арасында бөлді.

 

2.3. Барлық профилактикалық бақылаудың алдындағы балабақшаның өзін-өзі бағалауын жүргізу кезінде Бағалау өлшемшарттарының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бұрын өткен төрт оқу жылы мен ағымдағы оқу жылы осы бақылау басталғанға дейінгі бір ай бағаланатын кезең болып табылды:

  1. 2020-2021 оқу жылы;
  2. 2021 -2022 оқу жылы (қыркүйек-сәуір айлары).

 

2.4. Барлық профилактикалық бақылау алдындағы балабақшаның өзін-өзі бағалауы келесі кезеңдерден тұрады:

 

  1. балабақшаның өзін-өзі бағалауын жүргізу жөніндегі педагогикалық кеңесті барлық профилактикалық бақылау жүргізудің жоспарланған мерзіміне дейін екі айдан кешіктірмей ұйымдастырылды; (қосымша педагогикалық кеңестің хаттамасы)

 

2.5. Ата-аналарға (заңды өкілдерге) сауалнама жүргізу балабақшаның өзін-өзі бағалауын жүргізуі кезеңінде жүргізілді. Комиссия тәрбиеленушілердің шеберлігі мен дағдыларын айқындау үшін Бағалау өлшем шарттарының 6-қосымшасына сәйкес сауалнама нысанын бітіруші топтардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) таратты.

 

Ата-аналар (заңды өкілдер) сауалнаманы дербес толтырды және комиссияға берді. Балабақша әкімшілігі ата- аналар (заңды өкілдер) арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді және комиссия респонденттің байланыс деректерін міндетті түрде толтыра отырып, сауалнамаларын толтыруды және жіберуді қамтамасыз етті.

 

2.6. Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнына қойылатын талаптар бойынша атқарылған жұмыстар (№ 124 бұйрығының 1-параграфы 8 тармағының тарамқшаларына сәйкес ұсынылды).

 

  1. Білім беру салаларының және ұйымдастырылған оқу қызметінің МЖМБС талаптарына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығымен бекітілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларына сәйкес, бағаланатын кезеңге:

 

  1. 2020-2021 оқу жылы;

 

  1. 2021 – 2022 оқу жылдары әзірленген және бекітілген жұмыс оқу жоспарларының көшірмелері қоса берілді;

 

  1. Қазақстан  Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы

 

12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес білім беру қызметін жүзеге асырылды, соның ішінде бағаланатын кезеңге:

  • күн тәртібі: 2020-2021, 2021 – 2022 оқу жылдары;

 

  • бекітілген өтпелі тақырыптар: 2020-2021, 2021 – 2022 оқу жылдары;

 

— перспективалық жоспарлар: 2020-2021, 2021 – 2022 оқу жылдары;

 

  • циклограммалар: 2020-2021, 2021 – 2022 (қыркүйек – желтоқсан айлары) оқу жылдары;

 

  • жылдық жұмыс жоспарлары: 2020-2021, 2021 – 2022 оқу жылдары;

 

3) МДТО үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес баланың өмірін қорғауды және денсаулығын нығайтуды қамтамасыз ететін пәндік-кеңістіктік дамытушы орта құрылды.

 

 

  • беру ұйымы бойынша мектеп жасына дейінгі баланың тұлғалық, зияткерлік, әлеуметтік және эмоционалдық дамуын қамтамасыз ететін жағдайлар жасау туралы бейнематериалдар.

 

 

  • бухгалтерлік есептілік деректерінен негізгі құралдар тізбесінің көшірмесі.

 

 

  • МЖМБС және МДТО үлгілік оқу бағдарламасының талаптарына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын орындауды қамтамасыз ететін «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы бойынша білімі бар 2 педагог бар, «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша педагогтердің үлесі 100% -ды құрайды (тәрбиеленушілерді тәрбиелеу және оқыту бойынша кәсіби қызметті жүзеге асыратын педагогтердің сапалық құрам кестесі мен дипломдарының көшірмелері қоса берілді);

 

 

Педагогтар саны (пән мұғалімдерін қосқанда) Меңгеруші, әдіскерлер, тәрбиешілер Оның ішінде Үлесі Баға
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы бойынша білімі бар «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы бойынша білімі жоқ
1 2 4 2 2 93% uzdik

 

Аты-жөні Атқаратын лауазымы, пәні Оқыған оқу орны Диплом бойынша мамандығы Тәрбиеші мамандығы бойынша қайта даярлау куәлігі Санаты  Ескерту 
1 Ушкевич Оксана Анатольевна Директор Еуразиялық гуманитралық Университеті Педагог-психолог
2 Альбатырова Нагима Аманжоловна Әдіскер  Қарағанды гумманитарлық колледжі Бастауыш жалпы білім
3 Грицюк Алена Геннадьевна Тәрбиеші  Гумманитарлық колледжі Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту
4 Гучко Инесса Дмитриевна Тәрбиеші  Гумманитарлық колледжі Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту


 

  • Баланың даму мониторингін қамтамасыз ететін және оның жеке дамуын жоспарлаудың негізі

 

 

болып табылатын оқыту нәтижелері жасалынды. INDIGO-НЫҢ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН СЕРВИСІ бойынша барлығы 33 балалардың тізімі жасалды, осы тізімге сәйкес ересек жасындағы тәрбиеленушілердің жеке даму карталарының көшірмелері қоса берілді.

 

2020-2021 оқу жылына арналған балалардың біліктері мен дағдылары дамуының бастапқы бақылау нәтижелері

 

Топтар атауы І деңгей ІІ деңгей ІІІ деңгей
Бал сәби
Бота
Қорытынды 10 % 35% 75%

 

2020-2021 оқу жылына арналған балалардың біліктері мен дағдылары дамуының аралық бақылау нәтижелері

 

Топтар атауы І деңгей ІІ деңгей ІІІ деңгей
Бал сәби
Бота
Қорытынды 10 % 35% 75%

 

2020-2021 оқу жылына арналған балалардың біліктері мен дағдылары дамуының соңғы бақылау нәтижелері

 

Топтар атауы І деңгей ІІ деңгей ІІІ деңгей
Бал сәби
Бота
Қорытынды 10 % 35% 75%

 

Жеке даму картасының жалпы жиынтығының көрсеткішінің қорытындысы Дағдыларды меңгеру деңгейлері:

1-деңгей – бала белгілі бір қимыл мен біліктерді жаңғырта алады (1-3 ұпай)

 

2-деңгей – бала не істеп жатқанын түсінеді, белгілі білім қорына ие (4-6 ұпай)

 

3-деңгей – бала өзінің білетінін және жасай алатынын қолданады, білімін өз бетінше және шығармашылықпен қолдана алады (7-10 ұпай)

 

  • деңгей 0% ІІ деңгей 10%

ІІІ деңгей  90%

 

2021-2022 оқу жылына арналған балалардың біліктері мен дағдылары дамуының бастапқы бақылау нәтижелері

 

Топтар атауы І деңгей ІІ деңгей ІІІ деңгей
Бал сәби
Бота
Қорытынды 10 % 35% 75%

 

2021-2022 оқу жылына арналған балалардың біліктері мен дағдылары дамуының аралық бақылау нәтижелері

 

Топтар атауы І деңгей ІІ деңгей ІІІ деңгей
Бал сәби
Бота
Қорытынды 10 % 35% 75%

 

Жеке даму картасының жалпы жиынтығының көрсеткіші қорытындысы

 

  • деңгей  5%

 

  • деңгей  65%

ІІІ деңгей  85%

 

Дағдыларды меңгеру деңгейлері:

1-деңгей – бала белгілі бір қимыл мен біліктерді жаңғырта алады (1-3 ұпай)

 

2-деңгей – бала не істеп жатқанын түсінеді, белгілі білім қорына ие (4-6 ұпай)

 

3-деңгей – бала өзінің білетінін және жасай алатынын қолданады, білімін өз бетінше және шығармашылықпен қолдана алады (7-10 ұпай)

7). «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» білім беру салаларына негізделген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын түрлі іс-әрекеттерді ұйымдастыру арқылы оларды біріктіру жолдарымен іске асырылды. Зияткерлік, спорттық, шығармашылық және көркемдік конкурстарға қатысу нәтижелері қоса берілді.

8). Тәрбиеленушілердің даму мониторингісі бағаланатын кезеңге сәйкес жасалынып, әр оқу жылына талдау жасалынып көрсеткіші кестеге сәйкес берілді (бастапқы және аралық мониторинг) болуы (бағаланатын кезеңге мониторингтің көшірмесі қоса берілді);

9). Тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар жұмыс оқу жоспарларында сәйкестендірілген және сақталынған (ұйымдастырылған оқу қызметінің кестелерінің көшірмелері: 2020-2021, 2021 – 2022 оқу жылдары;

10). Тәрбиеленушілердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар бойынша атқарылған жұмыстар:

 

  1. МЖМБС мен МДТО үлгілік оқу бағдарламасында анықталған әрбір білім беру саласы және әрбір ұйымдастырылған оқу қызметі бойынша жас топтары бойынша меңгеруге тиіс игеруге жататын білім, білік, дағдылар мен құзыреттіліктердің көлемін игерілді. МДТО ҮОЖ әрбір білім беру саласы бойынша ұйымдастырылған оқу қызметінің бір бейне материалы балабақша қатты дискте орналастырылды.

 

р/с Білім беру саласы Жас тобы Бейнематериалдың
сілтемесі
1 Денсаулық Ересек тобы Қатты диск
2 Қатынас Ересек тобы Қатты диск
3 Таным Ортаңғы топ Қатты диск
4 Шығармашылық Ортаңғы топ Қатты диск
5 Әлеумет Ортаңғы топ Қатты диск
2.Жас кезеңіне   сәйкес тәрбиеленушілер   жетістіктерінің мониторингі   (қорытынды)

 

нәтижелерінің болуы және талдауы (осы Өлшемшарттардың 8-қосымшасына сәйкес толтырылған кесте, мониторингісінің (қорытынды) көшірмелері қоса беріледі).

11). Оқу мерзіміне қойылатын талаптар:

 

  1. жас кезеңдерін сақтау және топтарды бірдей жастағы немесе әртүрлі жастағы ( коррекциялық топ) принцип бойынша жинақталды. Өлшемшарттардың 9-қосымшасына сәйкес жас топтары тізімдерінің көшірмелері қоса берілді; 

 

  1. тәрбиеленушіні 1-сыныпқа қабылдағанға дейін МДТО үлгілік оқу бағдарламасын игеру бойынша талаптарды сақталды

 

9 қосымшаға сәйкес тізімдер дайындалды:

  1. 2021-2022 оқу жылы (қыркүйек – сәуір)

 

Ескертпе: бір бала бір жас ерекшелік тобында екі жыл қатарынан отырған жоқ

 

3-тарау. Балабақшаның өзін-өзі бағалауын қорытындылау

 

3.1 Білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалауы жалпы білім беру ұйымдары бойынша, оның ішінде тиісті білім деңгейіне қарай білім беру деңгейлері, мамандықтары немесе кадрлар даярлау бағыттары бойынша қорытынды түрінде рәсімделді.

 

3.2.Балабақша туралы  жалпы мәліметтер

 

Балабақшаның  толық атауы «Бал-Бөбек Астана» 
балабақшасы Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі
Балабақшаның  орналасқан жері (заңды Қазақстан, Нұр-Сұлтан қаласы, Абай көшесі, 
мекенжайы және нақты орналасқан 95/1 ғимараты
жерінің мекенжайы);
заңды тұлғаның байланыс деректері +7 (7172) 37–02–23
(телефон, электронды пошта, web- +7 (7172) 24-37-73
сайт); bal-bobek@mail.ru
http:// www.bal-bobek.kz/
заңды тұлға өкілінің байланыс Ушкевич Оксана Анатольевна
деректері (басшының Т.А.Ә., лауазымға  
тағайындау туралы бұйрықтың
көшірмесі);
құқық белгілейтін және 1. Жарғы
құрылтайшылық құжаттары (жарғының 2. БСН -080240005309, Нұр-Сұлтан қаласы, 04
және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу қыркүйек 2018 жылы берілген
не қайта тіркеу туралы
анықтаманың/куәліктің көшірмесі қоса
беріледі);
рұқсат беру құжаттары (білім беру № KZ57RVK00017600
қызметіне лицензия және оған қосымша Берілген уақыты:  04 қыркүйек 2018 жыл.
және (немесе) мектепке дейінгі тәрбие
мен оқыту саласындағы қызметтің
басталғаны туралы хабарламаны жіберу
туралы талон).

 

3.3. Бағалау өлшемшарттарына қосымшаларда келтірілген сандық және сапалық көрсеткіштер

негізінде қорытындының ажырамас бөлігі болып табылатын 8, 9-қосымшалар бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын балабақшаға  есеп жасалды.

 

Балабақшаның өзін-өзі бағалауы кезінде қосымша өлшеуіштер қолданылып және «uzdik» немесе «zhaqsy» немесе «ortasha» бағаларымен қорытындыға бағалау парағы берілді.

 

3.4. Бағалауға сәйкес келетін балл: «uzdik» – 5; «zhaqsy» 4; «ortasha» 3.

 

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын балабақшаның бағалау өлшемшарттарына бағалау өлшеуіштері Бағалау өлшемшарттарының 1-қосымшасына сәйкес жүзеге асырылды.

 

«Бал-Бөбек Астана» балабақшасы ЖШС-нің өзін-өзі бағалау ҚОРЫТЫНДЫСЫ.

 

2020-2021 оқу жылында тәрбие мен білім беру процесі мына құжаттар негізінде жүзеге асырылады: ҚР БҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, 2020 жылғы 5 мамырдағы №182 бұйрықпен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен. ҚР БҒМ 2012 жылғы 20 желтоқсандағы №557 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарлары 

2020 жылғы 12 мамырдағы №195 бұйрықпен енгізілген өзгерістерімен. «Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, құралдардың және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 17 мамырдағы №217 бұйрығы.

 

Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру барысында мына құжаттар ескерілді: «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 17 тамыздағы №615 бұйрығы 2020 жылғы 5 шілдедегі өзгертулерімен. ҚР БҒМ 2018 жылғы 30 қазандағы №595 бұйрығымен бекітілген «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары». «Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидалары туралы» 2020 жылғы

 

18  мамырдағы №207  бұйрығына  1-қосымша, Білім басқармасының 18.03.2020  ж.
№ 143 бұйрығы,
18.05.2020 ж. №185 бұйрығы, Нұр-Сұлтан қаласы  бас санитар дәрігерінің 23.06. 2020 ж.
№21-24/10-4003 қаулысы, Білім басқармасының 17.08.2020 ж. № 289 бұйрығы.

Балабақшада 2 топ, мемлекеттік тілде – 0 топ, орыс тілінде – 2 топ тәрбиеленеді және оқытылады.  Олардың ішінде: кіші топ – 0; ортаңғы топ – 1; ересектер тобы – 1; мектепалды даярлық тобы – 0. 

Карантин  жағдайына  байланысты балабақша  «кезекші  топтар»  тәртібінде жұмыс жасап отырды.

2021-2022 оқу жылында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру мына құжаттар негізінде жүзеге асырылады: «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығы (2020 жылғы 5 мамырдағы №182 бұйрықпен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен). «Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2012 жылғы 20 желтоқсандағы №557 бұйрығы (2020 жылғы 12 мамырдағы №195 бұйрықпен енгізілген өзгерістерімен). «Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №216 бұйрығы (2021 жылғы 10 маусымдағы №286 бұйрықпен енгізілген өзгерістерімен). «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 наурыздағы №137 қаулысы. «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 17 тамыздағы №615 бұйрығы. «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы №595 бұйрығы (2020 жылғы 18 мамырдағы №207 бұйрықпен енгізілген өзгерістерімен). Балабақшада 2 топ, мемлекеттік тілде – 0 топ, орыс тілінде – 2 топ тәрбиеленеді және оқытылады.  Олардың ішінде: кіші топ – 0; ортаңғы топ – 1; ересектер тобы – 1; мектепалды даярлық тобы – 0. 

Оқу жұмыс жоспарын әзірлеу барысында апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі және вариативтік компонентті қоса алғанда балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес ұйымдастырылған оқу қызметінің ұзақтығы.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік бағдарламасына сәйкес білім беру қызметін жүзеге асырылады.

 

«Бал-Бөбек Астана» балабқшасында мемлекеттік аттестаттау кезінде оқу-әдістемелік жұмыстың нәтижелігін анықтау мақсатында оқу-әдістемелік құжаттарына талдау жасалынды. Әдістемелік жұмыс төмендегі бағыттар бойынша жүргізіледі:

 

  • педагог қызметкерлердің ақпараттық, оқу-әдістемелік және білімдік қажеттіліктерін қамтамасыз ету;

 

  • педагогикалық процесте оқытудың заманауи құралдарын және ақпараттық технологияларды қолдану мәселелері бойынша кеңес, семинарлар өткізу;

 

  • педагогтардың біліктілігін арттыру (олардың шығармашылық жұмысын, педагогикалық шеберліктерін жетілдіру мен өздігінен білім алуын қамтамасыз ету);

 

  • педагогтардың шығармашылық еңбекке деген құштарлығын арттыруға жағдай туғызу, педагогтардың сұранысын есепке ала отырып, әдістемелік шаралар өткізу;

 

  • оқу әдістемелік құралдар, жоспарлар, материалдар, топтардағы оқу-тәрбие ісін молайтуға арналған тапсырмалар мен ойын жағдаяттарын жинақтау.

 

Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың мақсаты балалардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, олардың жан-жақты үйлесімді дамуы үшін жайлы және қауіпсіз жағдайлар жасау болып табылады. Осы міндеттерді орындау мақсатында «Бал-Бөбек Астана» балабақшасының педагогикалық ұжымы білім мен тәрбие үрдісінде ұйымдастырудың озық тәжірибелерін пайдалана отырып, баланы жеке тұлға ретінде дамытудың тиімді жолдарын қарастырып, оқу-тәрбие жұмысы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына; мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік жоспарларына; мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылды.

 

Биылғы 2021-2022 оқу жылында ҚР БҒМ 2016 жылғы 12 тамыз №499 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік бағдарламасы» бойынша тақырыптық материалдар топтамасын қолдандық. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұны: «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» білім беру салаларына негізделген және оларды әрекет түрлерін ұйымдастыру арқылы кіріктіру жолымен іске асырылады.

 

Тәрбие-білім беру процесін ұйымдастыруда педагогтерге келесі негізгі қағидаларды назарда ұстау ұсынылды:

  • ойын, зерттеу арқылы оқыту;

 

  • білім беру салаларын біріктіру арқылы тәрбиелеу, оқыту, дамыту.

 

Білім беру мекемесінің өзін-өзі бағалау барысында төмендегідей жұмыстар атқарылды: топтардың жалпы жағдайларын бақылау, күн тәртібінің сақталуы, тәрбиешілермен мамандардың балалармен тәрбие-білім жұмыстарын жүргізу барысында заттық-дамытушы орталықтар, кітапхана орталықтары үш тілде толықтырылды, дидактикалық ойындар, картотекалар, зертханада зерттеу жұмыстары, мнемотехника жиынтытығы кеңінен қолдануда.

 

Балабақшамызда педагогтардың кәсіби шеберліктерін шыңдауға бағытталған іс-шаралар жоспарға сай өткізіліп тұрады: педагогикалық кеңестер, семинарлар, тренингтер, ашық оқу қызметтері. Білім беру ұйымында мамандардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне тәжірбиелік қызметке даярлау барысында әдістемелік көмек көрсетіліп тұрады. 

 

Балабақшаны өзіндік бағалаудан өткізу барысында нормативті-құқықтық құжаттар, әдістемелік жұмыстардың түрлері, олардың нәтижелілігі сарапталды. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы деңгейі ретінде қазіргі өзгеріп тұрған әлемге бейімделуге қабілетті бала тұлғасының қалыптасуы мен дамуына жағдай жасалынған.

 

Балабақшада тәрбие-білім беру процесін психологиялық сүйемелдеудің басты мақсаты:

 

  • балалардың толыққанды психикалық дамуы және олардың психологиялық денсаулығы;

 

  • мектепке дейінгі балалық шақтағы жеке жас ерекшеліктерін ескере отырып, әр баланың жеке басын оң қабылдау.

 

Міндеттері:

  1. Балабақшадағы баланың бейімделу кезеңін психологиялық қамтамасыз ету.

 

  1. Мектеп жасына дейінгі балалардағы танымдық процестердің даму ерекшеліктерін педагогтер мен ата-аналарға арналған тұжырымдар мен практикалық ұсыныстармен зерттеу.

 

  1. Балалардың отбасымен тығыз ынтымақтастықта мектепте оқуға жалпы және психологиялық дайындығын сапалы қамтамасыз ету.

 

  1. Адамгершілік сезімдер мен адами мінез-құлықты дамыту бойынша балалармен жұмыстың тиімділігін бақылау.

 

  1. Оқу процесінде тұлғаға бағытталған көзқарасты жүзеге асыру үшін жағдай жасау. Балабақшада кәсіби психологиялық қызмет үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Оқу-тәрбие процесін психологиялық сүйемелдеудің мақсаттары мен міндеттерін тиімді іске асыруға тікелей әсер ететін (кабинеттің болуы, оның жабдықталуы, дамытушы ойындардың, дидактикалық материалдың болуы; компьютердің болуы). Бұл өз кезегінде педагог-психологтың тікелей жұмысының табыстылығы мен нәтижелілігін анықтайды.

 

Балабақша жағдайындағы психологиялық белсенділік балалардың дамуының жеке, жас, психологиялық ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік береді. Жұмыстың жаңа формалары мен әдістерді қолдана отырып жоспарлау.

 

Балабақшаның психологиялық қызметі келесі жұмыс түрлерін қамтиды:

  1. мектепке дейінгі ұйымға түсетін балалардың бейімсізденуінің алдын алу;

 

  1. балалармен диагностикалық жұмыс (танымдық үдерістердің даму ерекшеліктерін, балалардың мектепке түсуге дайындық деңгейін зерттеу: мотивациялық, ерік-жігерлік, зияткерлік, эмоционалдық);

 

  1. ата-аналармен консультациялық жұмыс;

 

  1. қызметкерлермен диагностикалық және консультациялық жұмыс.

 

Жаңадан қабылданған балалармен және олардың ата-аналарымен бейімделу бойынша жұмыстар жүргізілді. Баламен жеке жұмыстар, ата-аналарға «Ертеңгілік қоштасуды жеңілдету тәсілдері», «Күн тәртібінің маңызы», «Балабақшадағы бейімделу кезіндегі ата-ананың рөлі» тақырыптарында кеңестер берілді. Өтпелі кезең дағдарысынан оңтайлы өтулеріне жағдай жасап, профилактикалық шаралар өткізіліп тұрды. Балабақшаның психологиялық практикалық жұмысында баланың әртүрлі жастағы кезеңіндегі логикалық-психикалық дамуымен әлеуметтік-педагогикалық ситуациялардағы ерекшеліктерін анықтау жұмыстарын жүргізу жалғастырылады.

 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде ұлттық салт-дәстүрлер мен жалпы адами құндылықтарға негізделген рухани-адамгершілік дағдыларды қалыптастыру бойынша Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласындағы бастамаларын қолдай отырып, оның идеяларын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары жазылып, Ф. Н. Жұмабекованың «Өнер көзі халықта» әдістемелік құралы (Білім беру жүйесіндегі кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының ғылыми кеңесінің шешімі, № 26 хаттамасы 21.11.2011жыл) оқу жоспарының вариативтік компонентіне кіргізілді. IB PYP бағдарламасы бойынша «Менің Отаным-Қазақстан» тақырыбында тәрбиеленушілер мен ата-аналардың қатысуымен көрме ұйымдастырылды. «Тілім менің –тірегім» атты ашық оқу қызметтер, «Ана тілім ардақты» атты сайыс, «Абай ұлы, кемеңгер» тақырыбында Абай Құнанбайұлының туған күніне орай өлеңдер сайысы өткізілді. «Рухани жаңғыру-бәсекеге қабілеттілік» дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Осы бағдарлама аясында «Жыл алыбы – Жамбыл!» атты Жамбыл Жабаевтың 175-жылдығына арналған апталық өтті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша бұл мерекелер ғана емес, басқа да іс-шаралар жыл бойы өткізілуде.

Оқу мерзіміне қойылатын талаптар:

 

1) Жас кезеңдерін сақтау және топтарды бірдей жастағы принцип бойынша жинақтау:

 

«Бал-Бөбек Астана» балабақшасы бойынша жас кезеңдері сақталған, топтар бірдей жас принцип бойынша жинақталған. Өлшемшарттың 9 қосымшасына сәйкес жылдар бойынша жас топтары тізімдері жасалып, көшірмесі қоса берілді.

 

2 жылға арналған даму перспективалары: — білім беру үдересін жаңғырту;

 

— педагогтарды тәрбиелеу мен оқыту үдерісіне заманауи әлеуметтік, зерттеу, ойындық, ақпараттық, денсаулық сақтаушы технологияларды әдістемелер бойынша еңгізу; — жаңа спорттық жабдықтармен толықтыру, компьютерлік базаны жаңарту; — ғылыми-оқу әдістемелік, көркем әдебиет қорын тұрақты жаңартып тұру.

 

Қорытынды:

 

«Бал-Бөбек Астана» балабақшасында оқу-тәрбие үрдісі мемлекеттік білім беру стандарты мен нормативті-басқару құжаттарына негізделіп іске асырылады.

 

Педагогикалық ұжым балаларға тәрбие мен білім берудің сапасын көтеру мен жетілдіруге байланысты мақсатқа бағытталған жұмыстар жүргізіледі. Балабақша педагогтары қала көлемінде ұйымдастырылып, өткізілетін ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері, семинарлар, тренингтер, педагогикалық кеңестерге қатысты. Тәрбиеленушілердің мемлекеттік білім беру стандартын игеру деңгейі бағдарламалардың барлық тараулары бойынша іске асырылуда. Балабақшадағы психологиялық және эмоционалдық жағдайды жақсарту, денсаулықтарын нығайту мақсатында көптеген жұмыстар ұйымдастырылады.

 

Балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау жұмыстары жүйелі қадағаланады, мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің дамуына қажетті жағдайлардың барлығы жасалған. Балабақшаның оқу-тәрбие жұмыстарын атқаруға қажетті оқу-әдістемелік материалдық базасы жеткілікті жабдықталған. Ата-аналармен тығыз байланыс орнатылған.

Білім беру мен тәрбиенің мақсаты өз деңгейінде жүргізіледі. Педагогтар жаңа инновациялық технологиялар арқылы балаларға білім береді. 

 

Өзін-өзі бағалау нәтижесінде келесі ұсыныстар енгізіледі:

 

1). «Педагогикалық процесті ұйымдастырғанда жалпы талаптар» (ҚР МЖМБС-1.001-2013), сонымен қатар, пәндік-дамытушы ортаны ұйымдастырғанда жалпы талаптарды орындау барыстарын жалғастыру».

 

2). Педагогтарға тәрбиеленушілердің бағалау көрсеткішін дұрыс сараптауға кеңестер өткізу.

 

3).Оқу іс-әрекет барысын ұйымдастыруда педагогтар жаңа техногогияларды пайдалану, баланың дамуына тың мүмкіндіктер жасау.

 

4).Көркемдік шығармашылық конкурстар мен байқауға қатысуды ұйымдастыру, тәрбиеленушілер арасында сараптама жүргізіп, жоспар жасау.

 

  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес педагог мамандарды өз уақытында бес жылда бір рет курстық дайындықтардан өткізу.